Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы сіздерді, барлық радиотелеграфия шеберлері мен жарыс қонақтарын, 2018 жылдың тамыз айында, Астана қаласында өтетін жоғары жылдамдық радиотелеграфиядан 15-Әлем Чемпионатына шақырады. Біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздермен қатар барлық радиоәуесқойлар мен радиотелеграфия жанкүйелерін де жарысты көруге шақырамыз. Сіздер Қазақстанның жас астанасы, Астана қаласының әсемдігі мен қонақжайлылығына тәнті болар деген үміттеміз. Мұндай, жоғары деңгейдегі жарыс өткізу біз үшін үлкен мәртебе, сондықтан сіздерді қонақжай Қазақстан жерінде шын көңілмен қарсы алуға әзірміз!
Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясының Президенті