Жарыс қағидасы

Жоғары жылдамдық радиотелеграфиядан Әлем чемпионатында жарысқа қатысушылар 4 әйелдер және 5 ерлер санаты бойынша өтетін келесі 4 жарыста өздерінің дайындық деңгейін көрсете алады:

Морзе әліппесіндегі тексті қабылдау

Жарысқа қатысушылар әріптермен, цифрлармен және аралас белгілермен дайындалған  тексті қабылдауы керек . Қатысушылар әртүрлі жылдамдықпен берілген 10 радиограмманы қабылдай алуына болады, бірақ әр қатысушының өз қалауы бойынша тапсырған 3 нәтижесі ғана қорытынды нәтижені есептеу үшін пайдаланылады. Әр радиограмманың берілу уақытының ұзақтығы 1 минуттан, қателіктер саны 5-тен аспауы тиіс. Әр радиограмманың берілу жылдамдығы минутына 10 таңба айырма бойынша жүргізіледі.

Морзе әліппесіндегі тексті беру

Жарысқа қатысушылар әріптермен, цифрлармен және аралас белгілермен дайындалған  (Әріптермен, цифрлармен, үтір, сұрақ белгісі және теңдеу белгісі сияқты) тексті Морзе әліппесімен кілт арқылы беруі керек. Сынақ кезінде әрбір берілім уақыты 1 минутқа созылады және олардағы жіберілген түзетілмелер мен қателіктердің әрқайсысының саны 3 тен аспауы тиіс.

Rufz

RufzXP бағдарламасын пайдалану арқылы шақыру сигналын қабылдау. Қатысушы шақыру сигналын дұрыс көшірсе, жылдамдық артады, әйтпесе ол азаяды. Жылдамдық неғұрлым жоғары болса, соғұрлым шақыру сигналының құны көп. Бір мүмкіндік 50 шақыру сигналын қабылдаудан тұрады және әр қатысушы шақыру сигналын қабылдаудың 2 мүмкідігін жасай алады. (www.rufzxp.net)

Morse Runner

Қатысушылар шынайы эфирдегідей жарыстарға арналған симулятор бағдарламаларын пайдаланады,  симуляторда 4 радиостанцияның жұмысы естіледі. Бір сеанс – 10 минут, әрбір қатысушы шақыру сигналын қабылдаудың 2 2 мүмкідігін жасай алады. («Ережелер» қойындысының астында http://dxatlas.com/MorseRunner/ параметрлері!)

Жарыс нәтижелері жарыс санаттары бойынша, жарыстың барлық түрлері бойынша және жалпы нәтижелер бойынша шығарылады.